13 қазан 2020 12:13

ШҚО-да 58 оқушы коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 қазандағы соңғы мәліметтер бойынша 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды, олардың 34-і кезекші топқа барған, 24-і қашықтан оқыған", - деді Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласында тіркелген - 11 адамнан, сондай-ақ Глубокое ауданында 10 оқушы ауырып қалған. 

Өскеменде 8 бала жұқтырған, оның алтауы қашықтан оқыған. Семейде 7 бала, біреуі қашықтан оқыған. Курчатов қаласында инфекция жұқтырған екі бала да кезекші топта оқыған.

"Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында - 10 оқушы, Көкпектіде - 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада - 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда - бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети