25 сәуір 2023 09:36

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Баланы әйел тауып алғаны белгілі болды. Оның айтуынша, ол алғашында қоқыс жәшігінде мысық мияулап жатыр деп ойлаған.

"Сағат 11:00 шамасында аулаға есік алдына төселетін кілемді қағу үшін шықтым. Марғаудың даусын естігендей болдым, мұнда мысық көп. Дұрыстап тыңдап қарасам, баланың жылағанына ұқсап кетті. Қорқып кеттім, туысымды шақырдым, ол пакетті ашып, нәресте барын және ол қозғалып жатқанын айтты. Біз көршілерді шақырдық, ер адамдардың бірі баланы алды. Ол тірі екен, қатты жылады, жаңа ғана дүниеге келгені байқалды. Ол жалаңаш, тек пакетте болды", - деді ол.

Еске салайық, оқиға 24 сәуірде Надежда көшесінде болған. Сәби ауруханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері баланың жағдайы туралы кейінірек хабарлайтынын айтты.

Полиция қызметкерлері баланың анасын бірден анықтады. Оған 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети