08 қыркүйек 2023 10:01

Оралда көпқабатты үйлердің бірінде қарақұрт пайда болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© animalreader.ru © animalreader.ru

Оралда Кердери көшесіндегі №140 көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің кіреберісіндегі қарақұрт пайда болғанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город"-қа сілтеме жасап.


Оралда Кердери көшесіндегі №140 көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің кіреберісіндегі қарақұрт пайда болғанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город"-қа сілтеме жасап.

Тұрғындар кіреберістегі улы өрмекшілер қыс түссе пәтерлерге кіріп алады деп қорқады.

"Біз ПИК-ке шара қолдану үшін қоңырау шалдық, олар көмектесуден бас тартты. 109 қызметіне қоңырау шалдық - олар да бас тартты. Дезинфекция қызметіне қоңырау шалған кезде қызметтің құны 15 мың теңгеден жоғары екенін білдік. Көршілер бұған ақша жинағысы келмейді. Енді біз не істеуіміз керек? Суық басталса, өрмекшілер пәтерімізге кіріп кетеді ғой", - дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Алина.

Тұрғындардың айтуынша, кіреберісте қарақұрттар отбасы көбейіп үлгерген. Үлкен өрмекшілер бұрыштарға тор тоқып, сол жерде қоректенеді. Үй тұрғындары улы өрмекшілер балаларын шағып алады ма деп қорқады.

Орал әкімдігі бұл үйде дезинфекция жүргізілетінін хабарлады.

"Жертөлелер мен кіреберістерді дезинфекциялауды ПИК жүргізеді", - деді әкімдік.

Герпетолог Александр Гурнев қалыпты иммундық жүйесі бар ересек адам үшін бұл өрмекшінің шағуы өлімге әкелмейтінін, бірақ балалар мен егде жастағы адамдар үшін қауіпті екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети