23 шілде 2017 08:27

Оралда өткен жәрмеңкеде жастарға 1800-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесінде жастарға 1800-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.


Орал қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесінде жастарға 1800-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 21 шілде "URALSK JOB FAIR - 2017" атты жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру.

Жәрмеңкеге облыстағы ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, Орал қаласы мен аудандық мемлекеттік мекемелерінен құралған барлығы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысып, 1800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке барысында барлығы 700-нан аса жас өз түйіндемелерін тапсырды.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының бірінші бағыты - кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асыру мақсатында жастарға мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болатындығын, конкурсқа түсі тәртібі, тестілеуден өту және т.б. мәселелер бойынша ақпарат ұсынылды.

"Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жәрмеңке жастарды бос жүрмей, жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ, өз кәсібін ашқысы келетін немесе мемлекеттік қызметке түскісі келетін жастарға ақпарат беру, бағыт беру мақсатында өткізіліп жатыр. 2016-2017 оқу жылында облыс бойынша жоғары оқу орындарын 7478 түлек аяқтап отыр. Оның 4000-ға жуығы күндізгі бөлім студенттері. Алдағы уақытта, осы түлектеріміздің басқа да жұмыссыз жүрген жастарымыздың жұмысқа орналасуы бойынша мониторинг жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту шаралары күшейтілетін болады", - деді Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети