Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ораза айт мерекесі басталды

16 Шілде 2015, 14:39
0
© astana-akshamy.kz
© astana-akshamy.kz

Ораза айт мерекесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады. 

"Құрметті бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі - Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын!", - деді ол.

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт - мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.

"Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дархан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен. Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялары өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма "Алла разы болсын" айтамын", - деді Бас мүфти.

Айта кетейік, "айт" сөзі "қарымта" деген мағынаны білдіреді. Ораза айт - бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылы шырай танытып, тілеулестік білдіру де - игі амал.

"Қадірлі ағайын! Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірімізді кешіріп, өзара татулығымызды нығайтып, әуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, Елбасы бастаған егемен еліміздің болашағы баянды болғай! Ораза айт құтты болсын!", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай