05 маусым 2022 14:34

ОСК өкілі референдумға қатысу көрсеткіші міндетті шегіне жеткенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысу көрсеткіші міндетті шегіне жеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысу көрсеткіші міндетті шегіне жеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, сағат 14:00-де республика бойынша 6 262 973 азамат сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілгендердің 53,43 пайызы. Заңға сәйкес, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі. Осылайша, аумақтық референдум комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші шегіне жетті", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Еске салайық, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети