05 қазан 2023 11:52

Өскеменде құны 8,5 миллион теңге болатын вейп және бір реттік құрылғылар тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрон темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрон темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Өткізілген іс-шаралар нәтижеcі бойынша 8,5 миллион теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленген.

"Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді. Материалдар сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Темекі өнімдері мен бір реттік электрон темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"Құрметті азаматтар! Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз", - деді ҚМА өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети