07 наурыз 2021 10:03

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі мектептердің бірінде қашықтан оқу кезінде қаскөйлер сабақ трансляциясына шабуыл жасаған. Белгісіз біреулер сабақ кезінде порнофильм қосып жіберген. Бұл жайтты оқушылардың бірінің анасы байқап қалған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскемендегі мектептердің бірінде қашықтан оқу кезінде қаскөйлер сабақ трансляциясына шабуыл жасаған. Белгісіз біреулер сабақ кезінде порнофильм қосып жіберген. Бұл жайтты оқушылардың бірінің анасы байқап қалған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Әйел адамның сөзінше, ұлы оқитын мектепте онлайн-оқу кезінде сессиялар бірдей сценарий бойынша өтеді.  

"Әрбір сабақ бойынша WhatsApp-та топ ашылған. Ол жерде оқушылар мен мұғалім ғана отырады. Яғни басқа ешкім жоқ. Сол топқа мұғалімдер ZOOM-ға кіретін сілтемені жібереді", - дейді әйел адам. 

Бұл жолы да мұғалім әдеттегідей оқушыларға сілтеме жіберген. Оқушылар біртіндеп кіре бастаған. Алайда бір оқушы қыз екі рет кіріп отырған. Сабаққа қатысып отырған оқушылар тізімінде оның есімі екі рет шығып тұрған. 

"Сабақ кезінде оқушылар: "Неге топта бірдей атпен екі адам отыр?" деп сұраған. Яғни бәрі бірден күдіктене бастаған. Бірақ бұған дейін мұндай жағдай болмағандықтан, мұғалім бірнеше рет бөтен адамдардың шығып кетуін сұрап, сабағын жалғастырған. Балалар сабаққа қатысып, талқылау жүргізіп, сабақ көрсетіп отырған. Сосын мұғалім екі аккаунтпен кіріп отырған оқушымен сөйлесе бастаған кезде бейәдеп кадр қосылып кеткен", - дейді куәгер. 

Әйел адам "18+" видео қосылған кезде есі шығып кеткенін айтады. Ол өзін қалай ұстарын білмей, сасып қалған. 

"Мен мелшиіп қалдым да не істерімді білмедім. Мұғалім де солай болған шығар. Не болып жатқанын бірден ұқпай, трансляцияны өшіріп тастадым", - дейді ата-ана. 

Артынша ата-аналар чатында оқушылар болған жағдай туралы айтпағаны белгілі болған. Қала тұрғыны баласы білім алатын мектептен түсінік алмақ болған. Мектептегілер бұл жағдайды бей-жай қалдырмайтындарын айтқан. Ал мұғалімнің сөзінше, мұны оқушылардың өзі де істеген болуы мүмкін. 

"Ол біздің балалар кінәлі екенін айтты: не олар біреуге сілтемені жіберген, не мұны өздері істеген", - дейді ата-ана. 

Сонымен қатар, сынып жетекшісі бұл жағдайға мұғалім жауапты екенін айтты. 

"Әр мұғалімде ZOOM-ды қалай өткізу керегі туралы нұсқаулық бар. Біріншіден, мұғалім бәрін сабаққа тексеріп кіргізуі керек. Яғни ол белгісіз адамдарды сабаққа кіргізуіне құқығы жоқ. Аккаунта міндетті түрде оқушының аты-жөні жазылып тұруы керек. Екіншіден, мұғалім сабақты видеоға жазып отыруы керек. Сабақ кезінде келеңсіз жайт болса, видео арқылы оны кім істегенін анықтауға болады. Бұл жағдайда бір оқушының атынан тағы біреулер кіріп отырған, яғни оқушы қыздың аккаунты мен фейк. Сабақ видеоға түсірілмеген. Осы екі себепке байланысты мұғалім жауапты болады", - деді сынып жетекшісі.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети