Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Өскемендегі кәсіпорынға қызғылт түтін үшін 4,6 миллион теңге айыппұл салынды 19 қаңтар 2022, 09:44

Қала тұрғындарын шошытқан қызғылт түтін үшін Өскемендегі "ТМК" АҚ-ға 4,6 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қала тұрғындарын шошытқан қызғылт түтін үшін Өскемендегі "ТМК" АҚ-ға 4,6 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО экология департаменті мәліметінше, айыппұл сомасы 4 631 690 теңге болады.

"21 желтоқсанда № 2 цехта фурум-қондырғыны тазалау бойынша жоспарлы технологиялық жұмыстар жүргізілді. Бұл процедура жобалық шешім ретінде қарастырылмаған. Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды ("Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау"), айыппұл сомасы 510 мың теңге болады.

Видеодан қызғылт түсті газ-ауа қоспасының артық мөлшері байқалды. Сондықтан тазарту қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 331-бабы бойынша ("Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын тазалауға және бақылауға арналған құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдаланбау және сарқынды суларды ағызу") айыппұл салынды, оның сомасы - 1 миллион 750 мың теңге.

Түтін құбырын өлшеу нәтижелері бойынша көміртегі оксиді 8,9 есе, хлорсутегі 2,1 есе асып кеткені анықталды. Осы жайттар үшін "ТМК" АҚ-ға ҚР ӘҚБтК 328-бабы бойынша ("Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер нормативтерін бұзу") айыппұл салынды, айыппұл сомасы - 2 миллион 371 мың теңге", - деді ШҚО бас мемлекеттік экологиялық инспектор, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

Еске салайық, 2021 жылы 21 желтоқсанда "ТМК" АҚ орналасқан аудан тұрғындарын кәсіпорын құбырларынан шыққан қызғылт түтін шошытқан еді. Адамдар зауытта апат шықты деп болжаған болатын.

Экологтар бірден тексеріс жүргізді. Бірақ оларды кәсіпорын аумағына кіргізбеді. Кәсіпорын маңында да хлордың рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram