i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова "Отбасылық сот" жобасы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол астаналықтар не себепті ажырасатынын айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова "Отбасылық сот" жобасы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол астаналықтар не себепті ажырасатынын айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
БҰҰ мәліметі бойынша, Қазақстанда 2000 жылдан бастап екі есе азайған. Ал соңғы 5 жылда 18 пайызға кеміген. Атап өтетін жайт, ажырасулар саны да өсіп жатыр. Ажырасулар саны жалпы барлық жерде, бірақ көбіне шығыс пен солтүстікте көп. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда аз.
Екі жыл бұрын бұл мәселе қоғам арасында қызу талқыға түскен. Сондықтан, Жоғарғы сот 2018 жылдың қыркүйегінде "Отбасылық сот" жобасын іске қосқан.
"Отбасылық сот" деген не? Бұл жобаның ерекшелігі: істі қарастыру барысында психологтың да қатысуы және судьяның мамандануы. Алматы аудандық сотында бұл жобада бастапқыда екі, сосын үш судья жұмыс істейді, олар жанұя-неке қатынастарынан бөлек істерді қарастырмайды. Бұрын мен үшін адам құқығына қатысты істер, оның ішінде мәмілеге келу, келісім жасау, еңбекке залал келу істерін қарастыру қиын болатын. Бірақ енді біз толығымен жанұя-неке қатынастарына білек сыбана кірістік. Сондықтан бізде аптасына 50-60, тіпті бір аптада 72 жұпты қабылдаған кездер болды. Бұған дейін тек бала мәселесіне қатысты дау болған. Ол баланың тұрғылықты жерін анықтау не бала тәрбиесіне араласатын адамдарының тәртібі.
Тәжірибе ажырасу кезінде құқық бойынша туатын қиындық мәселе емес, ол көбіне психологиялық мәселе екенін көрсетті. Сондықтан ол мәселені нақты шешу үшін, құқық тұрғысынан қарағанда, біз ажырасу барысында психологтардың да қатысқаны дұрыс деген шешімге келдік", - дейді судья.
"Отбасылық сот" жобасы іске асқанда жұбайлар психологтың көмегіне жүгінуден бас тартқан, себебі оны психиатрмен шатастырған көрінеді. Судьяның сөзінше, қазір жағдай өзгерген.
"Біз сақтап қалған жұптардың саны екі есе өсті. Олардың ісін қарастыру кезінде психологтар араласты. Дегенмен адамдар эмоцияға ерік беріп, сотқа келіп, ажырасып кеткен жұптар болды. Қазір ондайлар жоқ", - дейді маман.
Жоба басталғалы бері ажырасуға шешім қабылдаған жұптардың 44 пайызы қайтадан бас қосқан. Бұған дейін 2017-2018 жылдары қарастырылған істердің тек 26 пайызы қайтадан татуласқан, қалғаны ажырасып кеткен екен.
"Қазір татуласқандардың жалпы саны 55,4 пайыз. Карантин кезінде көптеген адам талабын қараусыз қалдырады да артынша олар қайтадан татуласқандықтан ажырасудан бас тартады", - дейді судья.
Майя Қасымованың сөзінше, адамдар талап арызында негізі екі себеп жазады: бірінші, мінездерінің сай келмеуі және көзге шөп салу. Жұмыс барысында, істі қарастыру барысында ажырасудың негізгі себебі 2020 жылдың басынан бері араларының суып кетуі және ұзақ уақыт бөлек тұру.
Одан бөлек, физикалық зорлық, басқа отбасы, егер басқа отбасын құрған болса, көзге шөп салу бар, мінездерінің сай келмеуі, ішімдікке не басқаға тәуелді болу да себеп болуы мүмкін.
"Негізі біз қазір ажырасу бойынша жұмыс істеп жатқан адамдар - олар көбіне бір шаңырақта тұрмайтынына бір жыл не одан көп, болмаса 5-10 жыл болған жұптар. Олар өздерінің нақты статусын заңдастырып, ажырасуға шешім қабылдағандар", - дейді Майя Қасымова.
Адамдар сотқа жүгінге дейін жергілікті атқарушы органдардың жанынан жанұя орталығын ашу керек. Ол жерде психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, медиаторлар, заңгерлер жұмыс істеп, тегін кеңес берілуі керек. Сол кезде адамдар мамандардан кеңес алып олардың мәселесін, отбасын сақтауға мүмкіндіктерін талқылап, содан кейін ғана сотқа барады.
Жалпы сотқа көбіне ортақ балалары бар жұптар жүгінеді. Биыл қарастыратын 904 талаптың, оның ішінде қарастырылғаны да бар, 816-сы ортақ балалары бар жұп.
"Кез келген мәселені содан бастаймыз. Жұптар бір-біріне ашулы болған кезде: "ол ортақ мәселе екенін, ортақ балалары барын" түсіндіреміз. Бірден баланың құқығын түсіндіреміз. Неке кодексінде бала қай кезде дербес тұлға екені, оның құқығы мен міндеті айқындалған. Және ол манипуляция нысаны бола алмайды", - дейді Майя Қасымова.
Судьяның сөзінше, ата-ананың қарым-қатынасы балаға қалай әсер ететінін түсіндірген кезде олар ойлана бастайды. Ол жобаның мақсаты екі жақсы татуласуға, артынша бірге тұруына мәжбүрлеу емес екенін айтады.
"Біздің жобаның мақсаты - ажырасуды болдырмау, адамдар мәселенің түйінін шешіп, артынан бәлкім бәрін жаңадан бастауға ықпал ету. Не ажырасқан күннің өзінде ит пен мысықтай болмай, баланы ерлі-зайыпты ретінде емес, әке-шеше ретінде тәрбиелеу. Балаға талас мәселесінде ата-ананың бірі балаға екінші тараппен араласуға тыйым салғанда не сотқа баланы нақты қаншада алып кетіп, қаншада әкелу керегін шешетіндей жағдай болады. Ал ондай жағдайда бала не істеуі керек? Ондай жағдайлар өте көп. Бұл жерде ата-ана баланың қызығушылығымен санасудың орнына менмендігі басым болады", - дейді маман.
Отбасылық сот екі жақтың татуласуын көздейді. Ол үшін ерлі-зайыптыларға жағдай мен қайта қосылу ниетіне байланысты алты айға дейін уақыт береді.
"Адамдардың бір-біріне ашулы болу себебі, психологтардың сөзінше, олар бір-біріне деген көңілі әлі суымаған, тек эмоцияға ерік берген. Егер сол эмоцияны жеңетін болса, татуласып кетулері әбден мүмкін", - дейді судья.
Судья баланың кіммен қалатынын шешетін кезде материалдық жағдай бірінші орында емес екенін айтады. Себебі екінші тарап баланың жағдайын қамтамасыз етуі керек, яғни, алимент төлеуге тиіс.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның сөзінше, балаға гаджет пен интернетті қолдануға саналы жасқа жеткенде - 7 жасында үйрете бастаған дұрыс.
"Қазіргі балалар интернетті біз кресло мен үстелге қарайтындай назар аударады. Себебі интернет олар туғалы бар. Интернетті дұрыс қолдануды үйрету керек. Мәлімет оның ішінде ақпараттық және оқыту бағдарламалары өте көп", - дейді судья.
Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!