12 наурыз 2021 16:44

Пандемияда жұмыс істеген дәрігерлер үстемақысы: заңбұзушылықтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Казанғапов Фото ©Тұрар Казанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров пандемия кезінде қызмет істеген дәрігерлерге үстемақы мен өтемақы төлеу бойынша тексерулер туралы айтып берді. Заңбұзушылықтар Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров пандемия кезінде қызмет істеген дәрігерлерге үстемақы мен өтемақы төлеу бойынша тексерулер туралы айтып берді. Заңбұзушылықтар Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор өкілі тексерулер Президент тапсырмасы бойынша ұйымдастырылғанын еске салды.

"Жамбыл облысында аудандық аурухана бас дәрігерлерінің біріне қатысты 2,7 миллион теңге сомасында ауырухана қызметкерлеріне төленген үстемақыны жинау дерегі бойынша соталды тергеу материалдары сотқа жіберілді", - деді Биғайдаров брифингте.

Сонымен қатар, Шымкентте медицина мекемелерінің лауазымды тұлғаларына қатысты коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоқ топтағы қызметкерлерге 50 миллион теңгеден аса сомадағы үстемақыны негізсіз төлеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысында мамандарды тарта отырып, аудандық аурухана қызметкерлеріне 12 миллион теңгеден аса сомаға үстемақыны негізсіз төлеу дерегі бойынша тексеру басталған.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі үстемақылар төлеу кезіндегі заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын шара қабылдау үшін облыс әкімдігіне жіберді. Бірқатар медицина мекемелерінің бас дәрігері мен медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысында әскери сот Талдықорған әскери госпиталінің бастығы полковник Көлбаевқа 11 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды (2020 жылдың желтоқсан айында. -ескерт.). Ол бас медбикемен бір миллион теңге мөлшерінде (50 пайыз) пара алды немесе осы госпиталдің қызметкері Қасанғалиевке жеке еңбек шартын ұзарту жөніндегі қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін түскен үстемақыны иеленді деген күдікке іліген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети