13 шілде 2020 18:34

Пандемиядан көз жұмған дәрігерлердің рухына тағзым ету - әріптестік парызымыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облыстық​ туберкулезге қарсы диспансерінің​ бас дәрігері​ ​Болат Сағымбеков дәрігерлер өткізген акцияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облыстық​ туберкулезге қарсы диспансерінің​ бас дәрігері​ ​Болат Сағымбеков дәрігерлер өткізген акцияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желіде Президентіміз жариялаған жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус құрбандарын еске алу бойынша біздің әріптестеріміздің көшедегі үнсіздік акциясы кеңінен таралып жатыр. Бұл іс-әрекетті сынға алып жатқан кейбір азаматтарымыз да бар", - дейді ол.

Сағымбековтің айтуынша, осы орайда акцияға қатысту ортақ шешім болған.

"Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұжымының атынан ресми түрде мәлімдеймін: аталмыш шара Ұлттық медициналық ассоциациясының төрайымы Садықова Айжан Бегайдарқызының барша медицина қызметкерлеріне тастаған үндеуін қолдау мақсатында, сұм індетпен күресіп көз жұмған барша әріптестеріміздің рухына тағзым ету үшін жасаған біздің ортақ шешіміміз", - дейді Түркістан облыстық​ туберкулезге қарсы диспансерінің​ бас дәрігері.

"Аты жаман аурумен арпалысып ортамыздан кеткен қаншама маманнан, әріптес-достан, қызметтес-жолдастарымыздан айырылдық. Көз алдымыздан кетсе де, жүрегімізде қалды. Сондықтан да, Аза тұту күні олардың рухына тағзым етіп, еске алуды өзіміздің әріптестік парызымыз деп білеміз. Олардың әрбірі осындай құрметке лайық деп санаймыз.​ Өз кезегімде, бұл шараны ұйымдастыруға жергілікті әкімдіктің де, орталық билік орындарының да ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткіземін", - дейді Болат Сағымбеков. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети