20 желтоқсан 2019 15:32

Парламентте оппозиция керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте оппозиция керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте оппозиция керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге парламенттік оппозицияның институты керек. Өз пікірлерін жеткізетін белсенді азаматтарымыз бар. Осындай пікірлерді - қоғам пікірін ескеруіміз қажет. Осыған байланысты Парламентте оппозиция құру керекпіз. Билік заңнамасының балама нұсқаларын да дамытуымыз керек. Сондықтан өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Еске салайық, мұның алдында Мемлекет басшысы митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келгенін айтқан болатын. "Митингілерді ұйымдастыру принциптерін енгізуге кірісу керек. Қоғамның сана-сезіміне митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келді. Қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатындарға адекват қарайтын кез келді. Бұл шарасыздық, мұның барлығын мәжбүрлі емес, саналы түрде істеу керек. Бірақ митингілердің құқық қана емес, жауапкершілік екенін де түсіну қажет", - деген еді Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети