19 қазан 2021 17:44

Павлодар облысында алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында бұған дейін алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылған бес баланың анасы колонияға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында бұған дейін алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылған бес баланың анасы колонияға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбалалы ана бұған дейін де полициямен істі болған. Оның отбасының тұрмысы нашар. Әйел адам жиі ішімдік ішіп, балаларын үнемі үйде жалғыз қалдырып жүрген екен. 

Әйел адам ата-ана құқығынан айырылған. Үлкен балалары интернатта, кіші балаларын туыстары алып кеткен. Уақыт өте келе туыстары алимент төлетуге арыз берген. Алайда әйел адам балаларына көмектесуді де ойламаған екен. Биыл ол алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.   

"Айыпталушыға оның құқығы мен міндеттері түсіндірілді. Көпбалалы анаға бірнеше рет алимент төлеуі қажет екені айтылды, балаларымен қарым-қатынасын жөндеуге көмектеспек болдық. Бірнеше рет оны жұмыспен қамту орталығына жібердік. Алайда оған ұсынылған жұмыстардан бас тартты", - дейді Павлодар ауданының пробация қызметінің бастығы Дамир Жаныбеков. 

Оның айтуынша, бұған дейін әйел адам түрлі жұмыс істеп, алимент төлемеген. 

"Одан бөлек, айыпталушы міндетті жұмысқа шықпады, еш ескертпей ауылдан тыс жерге кетіп, түрлі заңбұзушылық жасап, ақыры бас бостандығынан айырылды", - деді Жаныбеков. 

Көпбалалы ана жазасын орташа қауіпсіз әйелдер колониясында өтейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети