05 ақпан 2021 12:48

Павлодар облысында демалыс күнгі локдаун ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің карантин режимін тағы бір аптаға созу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің карантин режимін тағы бір аптаға созу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Санэпидбақылау департаментінің мәліметінше, карантин ұзартылды, себебі облыс "қызыл" аймақта орналасқан.

"Павлодар облысында тұрғындар арасында Сovid-19 таралуының алдын алу мақсатында демалыс күні локдаун, шектеу іс-шаралары режимінің орындалуына, оның ішінде маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, әлеуметтік маңызы бар объектілердің жұмыс кестесіне ерекше бақылау сақталады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Облысаралық, облысішілік, қалааралық ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарының қызметіне тыйым салынады. Барлық сауда объектіне, қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, кіреберістерге, лифтте, ұйымдарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу бойынша шараларды күшейту қолданылады.

Жаңа қаулы Павлодар облысының аумағында 2021 жылғы 8 ақпанда сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енеді және 15 ақпанда түн ортасына дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети