04 тамыз 2020 15:37

Павлодар облысында диспетчер босанып жатқан әйелге телефон арқылы көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жедел жәрдем қызметінің диспетчері босанып жатқан әйелге телефон арқылы көмектесті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодарда жедел жәрдем қызметінің диспетчері босанып жатқан әйелге телефон арқылы көмектесті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел мен нәрестенің денсаулығы тұрақты.

Қаладағы пәтерлердің бірінде 35 жастағы жүкті әйел босанған. Бұл мекен-жайға жедел жәрдем қызметі 9 минутта жеткен. Медицина қызметкерлері келгенше жүкті әйелдің жанында күйеуі болған. Ер адамға жедел жәрдем қызметінің диспетчері бұл жағдайда не істеу керегін түсіндірген.

"Соның арқасында ана мен сәбидің өміріне қауіп төнген жоқ. Олар облыстық перинатальды орталыққа жеткізілді", - дейді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети