26 қыркүйек 2020 16:37

Павлодар облысында құс тұмауына байланысты карантин жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Pixabay.com ©Pixabay.com

Павлодар облысының екі ауданындағы үш ауылда құс тұмауына байланысты карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының екі ауданындағы үш ауылда құс тұмауына байланысты карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин Жаңақұрылыс, Ақтау және Жаңа жұлдыз ауылдарында енгізілді.

Бүгінде ауылдарда периметрлер бойынша жер жылтылды, елді мекендерге кіреберісте дезбарьерлер мен карантиндік блокбекеттер орнатылды, онда полиция мен ветеринарлық қызмет кезекшілік етеді.

Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі Қайырбек Абсалямовтың мәліметінше, қазіргі таңда Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылында 1800-ден бір жарым мың құстың басы жойылды.

Осыған ұқсас жұмыстар Железин ауданының Ақтау ауылында да жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар, құс тұмауы Жаңа жұлдыз ауылында расталды, онда екі мыңнан аса құс жойылды. Қазіргі уақытта бұл ауылда да карантин енгізілді. 24 қыркүйекте ауыл әкімінің шешімі заңды күшіне енді. Мұнда бес мыңнан астам құс жойылады", - деді Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаев.

Аталған ауылдарда карантин режимі соңғы ауру немесе өлім жағдайы тіркелген сәттен бастап 21 күн өткен соң аяқталады.

Алдын ала есептеулер бойынша, қыркүйектің басынан бері облыста төрт мыңға жуық құс қырылған.

Ветеринарлардың айтуынша, ауру жабайы құстардан жұққан.

"Сырттан әкелінген құстар болған жоқ, сондықтан инфекция көзі жабайы құстардан екені түсінікті болды. Мұны жабайы құстардың патологиялық материалын зерттеу нәтижелері де растады. Қазіргі уақытта олардың көші-қоны жүріп жатыр", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков.

Айта кетейік, карантин енгізу туралы шешімді Ақмола облысының екі ауылының әкімі де қабылдады. Олар Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы және Бұланды ауданы Никольск ауылы

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданының он елді мекенінде құс тұмауына байланысты карантин енгізілген болатын.

24 қыркүйектен бастап Қостанай облысында да карантин режимі жарияланды. Құс өлімі Сарыкөл ауданының Маяк, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдарында тіркелген.

26 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы Нұра ауданының Ізенді және Тассуат кенттерінде санитариялық шаралар күшейтілді, онда бұған дейін құс тұмауына байланысты қанаттылар жаппай қырылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети