04 желтоқсан 2020 18:32

Павлодар облысында мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодар облысының қалаларындағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауысады. COVID-19 жұқтыру дерегінің көбеюіне байланысты Павлодар, Екібастұз және Ақсу мектептері қашықтан оқытуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының қалаларындағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауысады. COVID-19 жұқтыру дерегінің көбеюіне байланысты Павлодар, Екібастұз және Ақсу мектептері қашықтан оқытуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Школьники перейдут на удаленку в города Павлодарской области. Из-за роста заболеваемости COVID-19 на удаленное обучение перейдут школы Павлодара, Экибастуза и Аксу, передает корреспондент Tengrinews.kz.

Карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыларды облыс қалаларының бас санитар дәрігерлері қабылдады.

"7-31 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының бастауыш, орта және орта базалық білім беру ұйымдарындағы оқу процесі қашықтық форматына ауыстырылады", - деді Павлодар бас мемлекеттік санитар дәрігері Александр Сафяников.

Сондай-ақ, балаларға арналған білім беру орталықтарының, үйірмелердің, мектептен тыс және қосымша білім беру объектілерінің күндізгі режимде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Александр Сафяниковтың айтуынша, осыған ұқсас шектеулер Екібастұз және Ақсу қалаларының білім беру мекемелерінде де енгізілген. Ақсу қаласының мектеп оқушылары 5 желтоқсаннан бастап қашықтан оқуға ауысады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети