29 қаңтар 2021 13:23

Павлодар облысындағы екі ауылда санитарлық бекет қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Май ауданындағы екі ауылда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты санитарлық бекет қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы Май ауданындағы екі ауылда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты санитарлық бекет қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық бекеттер Май ауданы Көктөбе және Кеңтүбек ауылдарында қойылады. Өңірдің санитар дәрігінің қаулысы бойынша, жұмыс берушіден анықтама болмаған жағдайда сағат 07.00 мен 20.00 аралығында жүру шектеледі. 

Санитарлық бекеттен төтенше жағдайлар, медициналық қызметтер, тәртіп сақшылары, СЭС, экологиялық, ветеринарлық, жол жөндеу қызметтері өте алады. 

Жаңа шектеу 29 қаңтар сағат 00.00 мен 12 ақпан сағат 00.00ге дейін енгізіледі. 

Еске салайық, 20 қаңтардан бастап Павлодар облысында демалыс күндері локдаун жарияланды. 

Облыс бойынша коронавирус жұқтырған 12 845 адам анықталған, оның 11 300-і аурудан айықты. Жалпы 99 адам қайтыс болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети