14 мамыр 2020 15:11

Павлодар облысындағы қақтығыс: полицей қызметінен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда жергілікті тұрғындармен сөзге келіп қалған полицей қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда жергілікті тұрғындармен сөзге келіп қалған полицей қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта қызметкердің әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр.

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасының полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу кезінде полиция қызметкері жұмыстан шеттетілді", - дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Сондай-а, ведомство өкілдері қызметінен босатылған полицейдің Криминалдық полиция басқармасында жұмыс істегенін айтты.

Бұдан бөлек, полицейлер жергілікті тұрғындармен болған қақтығыста жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері де болғанын растады.

"Камуфляж кигенлер - арнайы бөлімшенің қызметкерлері. Олардың әрекетіне де баға беріледі. Бүгінде бұл жағдайға Павлодар облысының прокуратурасы араласты, полицейдің әрекетінің заңдылығына қатысты толықтай зерттеу жүргізіліп, баға беріледі", - деді полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда полицейлер мен арнайы бөлімшенің қызметкерлері қақтығыстың алдын алуға тырысты.

Еске салайық, мұның алдында Павлодарда полиция қызметкерлерінің жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атқаны хабарланға болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети