06 қаңтар 2015 23:24

Павлодар таксистері баласы бар клиенттерден бас тартқалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tainy.net ©tainy.net

Павлодардың таксистері балалардың автокреслосын орнатудан бас тартып отыр. Олар жол қозғалысының жаңа ережелері бойынша айыппұл төлеп жүрмеуі үшін бұдан былай баласы бар клиенттерге қызмет көрсетпеуді дұрыс санайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Павлодардың таксистері балалардың автокреслосын орнатудан бас тартып отыр. Олар жол қозғалысының жаңа ережелері бойынша айыппұл төлеп жүрмеуі үшін бұдан былай баласы бар клиенттерге қызмет көрсетпеуді дұрыс санайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Маған таксист ретінде бұл өте қолайсыз, себебі екі баласы бар, үш баласы бар клиенттер болады, маған екі кресло сатып алу керек деп ойламаймын. Оларды қайда сақтаймын, не істеймін? Сондықтан мен баласы бар клиенттерден бас тартуға мәжбүр боламын", - дейді такси жүргізушілерінің бірі Евгений Каширин. 

Таксистердің енді баласы бар клиенттерден бас тартуы мүмкін екенін ата-аналар да күні-бұрын сезіп, уайымдап отыр. "Екі баланың анасымын, қауіпсіздік, әрине, бәрінен маңызды, бірақ таксилер менен аяқасты бас тартып жатса, екі баламен қиын болады ғой. Сонда не істеу керек? Қоғамдық көлік қана қалады", - дейді қала тұрғыны Анастасия Андрейчева.

Павлодарда 70-ке жуық такси қызметі бар. Негізінен, оларда жекеменшік машинасы бар жүргізушілер қызмет етеді. Таксопарк басшылары қызметкерлерін автокресло сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ онсыз қызмет көрсету тағы да айыппұл төлеуге әкеліп соғады. 

"Жүргізушілер наразы болғанымен, заң қабылданып қойды, заң ертең күшіне енеді. Біз бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігін ойлауымыз қажет, көліктерде балаларды қорғайтын құрылғылар болуы қажет", - дейді Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Бибол Жұманов. 

Полицияның мәліметінше, өткен жылы қалада жол-көлік оқиғаларынан 11 бала қайтыс болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, автокреслолар балалардың көлік апаттарынан қаза болу қаупін азайта алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети