17 қазан 2020 16:53

Павлодар тұрғыны 42 500 теңгеге эксперимент жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны Марат Сәбитов Павлодар тұрғыны Марат Сәбитов

Павлодарлық Марат Сәбитов 42500 теңгеге қызық эксперимент жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық Марат Сәбитов 42500 теңгеге қызық эксперимент жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам Қазақстандағы өлшем бойынша ең төменгі жалақыға отбасымен бірге тұрып көрген. Оның айтуынша, балаларың болса бұл сомаға тұру мүмкін емес. Ер адам "42500-ге өмір сүру" атты экспериментін Instagram-дағы парақшасында бөлісіп отырған. 

"Тәжірибенің 20-шы күнінде балабақшадан 12 мың теңгеге түбіртек келді. Бүгінгі таңда оны төлеуге мүмкіндік жоқ. Бұл экспериментке жұбайыңды және үш балаңды неге қоспайсың деп сұрайтын барлық оқырманыма жауап осы. Ең төменгі жалақыға отбасын асырау мүмкін емес. 42500 теңгеге балалар қарастырылмайды", - дейді Сәбитов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Сабитов (@smkpavlodar)

Ер адамның айтуынша, оның эксперименті 24 қыркүйекте басталаған. Ол күн сайын сатып алған нәрселерін, тамағы мен салмағын көрсетіп отырады. Туыстары басында оған күлген екен, көмек ретінде кеспе мен шұжық та жіберген көрінеді. Қазір бәрі жай ғана бақылайды.

"Алғашқы күндері қатты тітіркену болды. Қазір ағзам үйреніп қалды. (...) Үнемі бәрін жоспарлап, үнемдеу керек. Бір күні азық-түлік сатып алуға үлгермедім. Отбасымнан көкөніс ұрлауға тура келді", - дейді павлодарлық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Сабитов (@smkpavlodar)

42 500 теңгенің он мыңнан астамын Марат коммуналдық қызметтер мен жанармайға жұмсаған. Ал жұмысын жеке көліксіз істей алмайды.

Ер адам өнімдерді қарапайым дүкендерден сатып алады. Ас мәзірін күнделікті қолда бар тағамдардан жоспарлайды.  

"Тәжірибе басталар алдында екі келі ет сатып алдым, оны пісірдім де кішкене бөліктерге бөліп, күніне бір-екеуін көкөніспен, ботқамен жедім. Қазір мен жарма мен көкөністер тұтынып жүрмін. Тауық бауырын жедім, ол еттің орнын басады", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Сабитов (@smkpavlodar)

Марат әр тамағын шөптермен, мейізбен безендіруге, тағамды тәрелкеге әдемі салуға тырысады.​ Ол депрессиядан құтқаруға және көңіл-күйді көтеруге көмектесетінін айтты.  

Ер адамның айтуынша, қазір ода 3877 теңге қалған, оны айдың соңына дейін жеткізу керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Сабитов (@smkpavlodar)

Ер адам Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарау керек деп санайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети