01 мамыр 2020 17:08

Павлодарда 2 жасар сәби коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа 13 жағдай тіркелді, олардың бесеуі ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 8 адам бұған дейін  анықталған науқастармен байланыста болған. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы жария етті, - деп хабарлайды Almaty.tv

2009 жылы туған ұл бала және 2005 жылы туған қыз бала Шідерті кентінің тұрғындары, бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен қатынаста болған.

11 адам Екібастұз қаласының тұрғындары - 1970, 1980, 1978, 1967, 1984 жылы туған ер адамдар және 1964, 1967, 1962, 1965 жылы туған әйелдер.

"Сондай-ақ екі бала - 2018 жылы туған ұл және 2004 жылы туған қыз. Олар бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен қатынаста болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері, жұмысы мен ошақтар бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобын анықтау мен эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 142 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети