Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті 23 қыркүйек 2022, 14:15

Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ленин кентіндегі №33 орта мектепте болған.

"23 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Ленин кентіндегі Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне бұрышты баллон шашқан", - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.

Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram