20 маусым 2014 13:14

Павлодарда нан бағасы қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Павлордар қаласында нанның бағасы 12 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлордар қаласында нанның бағасы 12 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала дүкендерінде "Тау нан" атты әлеуметтік нанның бағасы 60-64 теңге болды. Сауда орындары қожайындарының айтуынша, нан өнімдерін шығарушы негізгі кәсіпорын - Павлодар нан-тоқаш комбинаты бағаны көтеріп жіберді. "Негізі, біз нанның қымбаттайтыны туралы бәріне екі апта бұрын хабарлаған болатынбыз. Бұл - мәжбүрлі шара. Себебі "Тау нан" пісірілетін арзан ұнның қоры таусылып қалды. Меморандумға (әкімдік пен нан шығарушы кәсіпорын арасындағы келісімшарт - авт) сәйкес, бізге ай сайын 500 тонна ұн жеткізіліп тұрған. Соңғы екі апта бойы ол ұн келмей қойды. Соның салдарынан нанның бағасын 12 теңгеге көтеруге тура келді", - дейді Павлодар нан-тоқаш комбинатының бас директоры Виталий Сартаков.

Оның айтуынша, нан бағасының өсуіне су тарифтері мен жанар-жағар майдың бағасы да әсер етті. "Әкімдік бағаны түсірсін деп талап қойып отыр. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ. Шығынды азайту мақсатында 200 жұмысшыны қысқартуға да мәжбүр болдық. Қазір жалақыны уақытында төлей алмай отырмыз. Жалпы, жағдай күрделі болып тұр", - деп атап көрсетті комбинат басшысы. 

Айта кетейік, әкімдік пен нан шығарушы кәсіпорын арасындағы меморандумға сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 47 теңгеден аспауы тиіс. Бұл бағаны келесі астық жинау науқанына дейін ұстау қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети