Петропавлда соғыс ардагері оқыс оқиғадан кейін көз жұмды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Василий Макиенко. Фото: СҚО әкімдігі Василий Макиенко. Фото: СҚО әкімдігі

Петропавлда 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенко көз жұмды. Ол жолды кесіп өтпек болып жүгіріп шыққан қызбен соқтығысып, ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенко көз жұмды. Ол жолды кесіп өтпек болып жүгіріп шыққан қызбен соқтығысып, ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соғыс ардагерінің қайтыс болғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хабарлады.

"Бүгін соғыс ардагері Василий Васильевич Макиенко өмірден өтті. Василий Васильевичтің өмір жолы – бұл ерлік, жанқиярлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі. Ол майданға 18 жасқа толмай тұрып шақырылған және атқыштар полктерінің, соның ішінде гвардиялық құрамалардың құрамында ауыр жауынгерлік жолдан өтті. Ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған", – деді өңір басшысы.

Оқиғаның мән-жайы

Ардагермен болған қайғылы жағдай биыл 20 сәуірде болған. Василий Макиенко серуендеуге шығып, әдеттегідей көгершіндерге жем беруге бара жатқан. Жол қиылысында ол жүгіріп өтіп бара жатқан тоғыз жасар оқушымен соқтығысып қалған. Ардагер құлап, ауыр жарақат алады.

Макиенко травматология бөлімінде, кейін жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ардагердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қыз бала кейінірек берген түсініктемесінде қарт кісіні байқамай қалғанын, онымен соқтығысқанын түсінбегенін айтқан. Келесі күні анасы екеуі ауруханаға келіп, гүл ұсынып, Василий Макиенкодан кешірім сұраған. Ардагер оларды кешіріпті.

Тергеу

Оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК 114-бабы – "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Полиция 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенконың ауыр жарақат алуының мән-жайын тексерді. 20 сәуірде оның ауруханаға түскені туралы хабар келіп түскен соң, полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізді. Назарбаев пен Мүсірепов көшелерінің қиылысында болған оқиғаның қатысушылары мен куәгерлері анықталды. Куәгерлердің айғақтары мен оқиғаның мән-жайы мұқият зерделенді", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.

Кәмелетке толмаған қатысушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

"9 жастағы қыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмаған", – деп түсіндірді полицияда.

Еске салайық, Василий Макиенко Жеңістің 80 жылдығын туған-туыстарының ортасында атап өтуді армандаған. Келесі жылы ардагер 100 жасқа толар еді. Қайғылы оқиға қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі оның үйінде қонақта болып, ардагердің мейірімділігіне, өмірге деген құштарлығы мен тапқырлығына тәнті болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer