03 қаңтар 2022 13:10

Петропавлдағы ЖЭО-2-дегі төтенше жағдай: зардап шеккен қызметкер қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pkzsk.info Фото: pkzsk.info

Петропавлдағы ЖЭО-2-де болған апаттан зардап шеккен ер адам кеше түнде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.


Петропавлдағы ЖЭО-2-де болған апаттан зардап шеккен ер адам кеше түнде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 24 желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі қазандық агрегатының істен шығып, апат болды.

Сол күні ЖЭО-2-де мердігер ұйымда жұмыс істеген Дамир Садықов жарақат алды. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. 29 желтоқсанда Омбы қаласындағы күйік шалу орталығына жеткізіліп, кеше түнде қайтыс болды.

Ақпаратты Дамира Садықованың анасы растады. Дамир 27 жаста еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети