30 шілде 2020 09:38

Пневмония: Павлодар облысында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында пневмониядан болған өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Пневмониядан өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелген Павлодар облысы әкімдігінің, сондай-ақ COVID-19-бен ауырудың өсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі тыңдалды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Анра Омарова аймақта коронавирус төмендеу динамикасы байқалатынын айтқан. Сондай-ақ провизор стационарларындағы науқастар саны 373-тен 150-ге дейін, яғни, 2,5 есе азайған. 

Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 2987 адам анықталған. Бүгінде жұқпалы аурулар стационарында COVID-19 расталған 123 адам емделіп жатыр, провизор стационарларында "пенвмония" диагнозымен - 1362 науқас емделіп жатыр. 29 шілдедені жағдай бойынша, облыста 23 адам коронавирустан қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети