06 қыркүйек 2020 09:17

Пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

6 қыркүйектегі коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 151 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.  

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 24 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.   

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен 423 науқас тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан 6 қыркүйегіне дейін: науқастар саны – 27 623, өлім жағдайлары - 313, барлығы 5957 адам сауығып шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети