28 маусым 2023 13:34

Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz Polisia.kz

Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бестөбе кентінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады.

Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети