28 шілде 2016 14:15

Полицейлер Сафар Шәкеевті қалтасынан табылған әмияны арқылы таныған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Полицейлер Сафар Шәкеевті қалтасынан табылған әмияны арқылы таныған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз брифингінде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.


Полицейлер Сафар Шәкеевті қалтасынан табылған әмияны арқылы таныған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз брифингінде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

"Түске дейінгі уақытта Есентай өзенінің бойында Тимирязев көшесіне жақын маңда адамның мәйіті жатқанын қала тұрғындары хабарлаған. Көрсетілген жерді сүңгуірлер тексеріп шықты. Ұзақ уақыт бойы мәйітті табу мүмкін болмады себебі өзеннің ағысы өте жылдам. Алайда іздеу шаралары жалғасып, мәйіт табылды және жоғарыға көтерілді. Мәйіттің кім екендігі бірден анықталды, себебі судан шығарған уақытта осыдан 13 күн бұрын жоғалған Сафар Шәкеевке тиесілі құжаттар, әмиян және кілттер табылды. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптамалар қорытындысы бойынша процестік шешім шығарылатын болады", - деді Әзірбек.

Оның айтуынша, ертеректе өзеннің бұл аймағы тексерілген болатын. "Төтенше жағдайлар мамандарының (сүңгуірлер) айтуынша бұл жер бұрындары бірнеше рет тексерілген. Болжам бойынша ол каскадтың астында жатуы мүмкін. Барлық жағдай тергеу барысында белгілі болады", - деді спикер.

Осыған дейін, Сафар Шәкеевтің мәйіті Есентай өзенінен табылғаны хабарланған болатын.

Шәкеевті іздестіру жұмыстары 12 күнге созылған. Іздеу жұмыстарына 200 адам қатысты. Есентай өзені, Бағанашыл және Ремизовка аумағы тексерілді. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети