Полиция Алматы орталығында митингіге үндеген бірнеше адамды ұстады

12 Маусым, 20:51
0
Полиция Алматы орталығында митингіге үндеген бірнеше адамды ұстады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы полициясы қала орталығында митингіге үндеген және көлік қозғалысын бұғаттамақ болған бірнеше адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. 

Алматыда Орталық стадион маңында бірнеше адам ұсталды. Сондай-ақ, Астана алаңына жақын жерде полиция бірнеше адамды ұстады. 

Таяуда қашқын олигарх Мұхтар Әблязов және экстремистік ұйымның соты тыйым салған "ДВК" жақтастары алматылықтарды 12 маусымда кешкі уақытта жаппай митингке шығуға шақырды. Қалада қозғалысты бұғаттауға шақыру таралды. Алайда, 19.15-де қаладағы жағдай тыныш екенін байқауға болады. 

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Қазақстанда өмір бойына сотталды. Ал 2017 жылы қашқын банкирді миллиардтаған қаржыны жымқырғаны үшін 20 жылға соттаған еді. Қазір ол шетелде сот төрелігінен жасырынып, Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының идеяларын насихаттайды.

Осыған дейін, Қазақстанның Бас прокуратурасы бірнеше рет заңсыз митингілер мен шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіні туралы мәлімдеді. Ведомство өкілдері заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарға қатысты қолданыстағы заңнама аясында қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатынын айтқан еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай