Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Премьер-министр бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды 22 қаңтар 2022, 16:08

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Елде болған тәртіпсіздіктер кезінде 351 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті, оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оның ішінде 8 өңірдегі 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар. Олар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында.

Бизнеске алдын ала келтірілген шығын мөлшері 98,1 млрд теңге, оның 97 пайызы Алматы қаласына тиесілі.

Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгіленген мерзімде бүлінген ғимараттарды техникалық-сараптамалық тексеруден өткізу және жөндеу құнын бағалау жұмыстарын аяқтап, қажетті құжаттаманы Қаржы министрлігіне енгізуді тапсырды.

Тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды бағалау жөніндегі үкіметтік комиссияға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, залалды бағалауды жедел аяқтау және зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізімі мен оларға келтірілген залал көлемін Ұлттық экономика министрлігіне жіберу тапсырылды.

"Үкімет апта сайын зардап шеккен кәсіпкерлерге жедел көмек көрсету үшін қаражат бөлу бойынша қажетті шараларды жүргізуге дайын", - деді Смайылов. 

Үкімет басшысы көмір бағасының өсуіне жол бермеудің маңыздылығын атап өтіп, бұл мәселені көмір өндіруші компаниялармен пысықтауды, сондай-ақ көмір тасымалдау тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін талдау жүргізуді тапсырды. 

"Кейбір компаниялардың кірме жолдар мен тұйық жолдардағы қызмет көрсету тарифі жоғары, оларды қайта қарастыру қажет", -  деді Смайылов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram