©Vm.ru
Қазақстан Президенті Алматы маңында жаңа әуежай құрылысын салу жобасын мақұлдады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметовтің депутаттық сауалға қайтарған жауабында айтылды. "Тұтастай алғанда, жобаны Мемлекет басшысы мақұлдады, қазақстандық тараптан инвестор ретінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ анықталды. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жобаны іске асырудың қаржылық, техникалық және ұйымдастыру мәселелері қарастырылып жатыр", - делінген премьер-министр қол қойған хатта. Жаңа әуежай құрылысының тұжырымдамасы әзірленген. Бұл Орталық Азияға арналған, бірінші кезеңде жылына 10 млн жолаушыға дейін өткізу мүмкіндігі бар транзиттік хаб болмақ, өткізу мүмкіндігі жылына 40 млн жолаушыға дейін ұлғайтылуы да ықтимал. Әуежай құрылысы үшін жер телімін таңдау жөнінде бірқатар зерттеу жүргізілген. Соның нәтижесінде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 48 шақырымда және Жетіген елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырымда 2000 гектарға жуық оңтайлы аудан анықталып отыр Алматы маңында жаңа әуежай салу қажеттігі қазіргі әуежайдың орналасқан аумағында жолаушылар ағыны қарқынының шектелуіне байланысты туындады. Қолданыстағы әуежайдың орналасуы әуе тасымалының әлеуетті өсуін тежеп, оның келешекте аймақтағы көшбасшы жолаушылар хабы болуына мүмкіндік бермейді. Жаңа әуежай құрылысын бастауға басқа да себептер айтылады: аумақтың күзгі-қысқы кезеңдегі тұмандылығы, тұрғындардың әуе шуы жөнінде шағымдануы және орнитологиялық жағынан қолайсыз жағдай. Өзінің депутаттық сауалында Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов қазіргі уақытта Қазақстанның Еуразия кеңістігінде негізгі авиациялық тораптардың бірі болуға бірегей мүмкіндігі бар деп есептейді. Еліміз географиялық жағынан Еуразияның қақ ортасында және Қытай, Үндістан, Ресей сияқты мега-нарықтарға жақын орналасқан. Депутаттың айтуынша, халықаралық бағыттар бойынша сапар шегетін қытайлық әуе жолаушыларының өзінің нарығы 2013 жылы 90 млн жолаушы деңгейінде болды, егер Қазақстан сол нарықтың ең болмағанда бір пайызын тартса, Қазақстан арқылы транзитпен сапар шегетін халықаралық авиажолаушылардың қатары бес есе артады. Логутов Алматы халықаралық әуежайы терминалының мұндай тасымал көлемін игере алмайтынына назар аударады. "Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған Алматы қаласы маңында жаңа әуежай құрылысын салу туралы ақпарат жалған болып шықты, өйткені ол, тіпті, бас жоспарда жоқ, бұл мәселені ешкім қолға алған емес", - деп мәлімдеген еді Логутов ақпан айында.
Қазақстан Президенті Алматы маңында жаңа әуежай құрылысын салу жобасын мақұлдады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметовтің депутаттық сауалға қайтарған жауабында айтылды.
"Тұтастай алғанда, жобаны Мемлекет басшысы мақұлдады, қазақстандық тараптан инвестор ретінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ анықталды. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жобаны іске асырудың қаржылық, техникалық және ұйымдастыру мәселелері қарастырылып жатыр", - делінген премьер-министр қол қойған хатта.
Жаңа әуежай құрылысының тұжырымдамасы әзірленген. Бұл Орталық Азияға арналған, бірінші кезеңде жылына 10 млн жолаушыға дейін өткізу мүмкіндігі бар транзиттік хаб болмақ, өткізу мүмкіндігі жылына 40 млн жолаушыға дейін ұлғайтылуы да ықтимал.
Әуежай құрылысы үшін жер телімін таңдау жөнінде бірқатар зерттеу жүргізілген. Соның нәтижесінде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 48 шақырымда және Жетіген елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырымда 2000 гектарға жуық оңтайлы аудан анықталып отыр
Алматы маңында жаңа әуежай салу қажеттігі қазіргі әуежайдың орналасқан аумағында жолаушылар ағыны қарқынының шектелуіне байланысты туындады. Қолданыстағы әуежайдың орналасуы әуе тасымалының әлеуетті өсуін тежеп, оның келешекте аймақтағы көшбасшы жолаушылар хабы болуына мүмкіндік бермейді. Жаңа әуежай құрылысын бастауға басқа да себептер айтылады: аумақтың күзгі-қысқы кезеңдегі тұмандылығы, тұрғындардың әуе шуы жөнінде шағымдануы және орнитологиялық жағынан қолайсыз жағдай.
Өзінің депутаттық сауалында Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов қазіргі уақытта Қазақстанның Еуразия кеңістігінде негізгі авиациялық тораптардың бірі болуға бірегей мүмкіндігі бар деп есептейді. Еліміз географиялық жағынан Еуразияның қақ ортасында және Қытай, Үндістан, Ресей сияқты мега-нарықтарға жақын орналасқан.
Депутаттың айтуынша, халықаралық бағыттар бойынша сапар шегетін қытайлық әуе жолаушыларының өзінің нарығы 2013 жылы 90 млн жолаушы деңгейінде болды, егер Қазақстан сол нарықтың ең болмағанда бір пайызын тартса, Қазақстан арқылы транзитпен сапар шегетін халықаралық авиажолаушылардың қатары бес есе артады.
Логутов Алматы халықаралық әуежайы терминалының мұндай тасымал көлемін игере алмайтынына назар аударады. "Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған Алматы қаласы маңында жаңа әуежай құрылысын салу туралы ақпарат жалған болып шықты, өйткені ол, тіпті, бас жоспарда жоқ, бұл мәселені ешкім қолға алған емес", - деп мәлімдеген еді Логутов ақпан айында.