Теміртауда зейнеткер соққыға жығылған: жасөспірімдер қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, оны қорлап, соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, оны қорлап, соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жасөспірімдерге қатысты ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Барлық тоғыз күдікті, соның ішінде кәмелетке толмаған жеті адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Теміртау қалалық соты оларға екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді облыс прокуратурасы өкілдері.

Ең қатаң бұлтартпау шарасын таңдауға жасалған қылмыстың ауырлығы себеп болған.

"Бұл іс бойынша қажет сараптама тағайындалды, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", - деді прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Бұл дерек бойынша жеке тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіргені хабарланды. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Кадрларда жасөспірімдер зейнеткердің бетінен ұрып-соғып, түкіріп, балағаттағаны көрінеді.

Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаменті өкілі жасөспірімдер анықталғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан кейін шенеунік пен педагогтер жазаланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer