22 қазан 2019 13:09

Президент Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйым" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйым" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, "Медиация туралы" Заңға сәйкес қолға алынған "Дәнекер" жобасы бойынша жасалған шаралар жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар "Ардагерлер ұйымы" мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары жайында айтылды.

Қазақстан Президентіне Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75-жылдық мерекесіне әзірлік барысы, "Ардагерлер туралы" Заңның жобасы туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" Заңды тиянақты дайындауды, Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерге ардагерлер белсенді араласып, елдегі қолға алынған реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети