26 желтоқсан 2017 00:23

Президент елдегі атышулы жемқорлық даулары жайлы: Бермеу керек, сонда алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында елдегі жоғары лауазымды тұлғалар мен шенеуніктердің ұсталуына және қылмыстық қудалануына қатысты атышулы жемқорлық даулары жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында елдегі жоғары лауазымды тұлғалар мен шенеуніктердің ұсталуына және қылмыстық қудалануына қатысты атышулы жемқорлық даулары жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы республикалық арналардан көрсетілді. 

"Біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жемқорлықты түгелдей жоя алған ешбір мемлекет жоқ. Алайда біздің талмай күресіп жатқанымыз бәріне белгілі", - деді Мемелекет басшысы. 

Президент өткен және осы жылдары 1129 мемқызметшінің жауапқа тартылғанын, елдің бұрынғы премьер-министрі мен басқа да бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты даулы істердің барын атап өтті. 

"Астана ЭКСПО-2017" президенті. Ол EXPO құрылысына 800 миллиард шығын жоспарлап қойған. Есімов келді де, бұл соманы 400 миллиардқа азайтты. Павлодар, Атырау, Қарағанды облыстары әкімдері, министр орынбасарлары, шенеуніктер және дәрі-дәрмекпен айналысқандар да жауапқа тартылып жатыр. Яғни ешкім де жазасыз қалмайды. Барлығы түсінуі керек. Министрлерді түрмеге тоғытып жатырмыз, бұл жақсы ма? Дым да жақсы емес, мұндай адамдарды осындай деңгейге көтеруге қанша уақытыңды жұмсауың қажет. Оларды анда бір, мұнда бір қойып, бақылап, көмектесіп, қолдап жүресің де, бір сәтте осындай жағдай бола қалады", - дейді Елбасы.

Мемлекет басшысы елде жемқорлықпен күрестің жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

"Біз бір сәтке де тоқтатпаймыз. Керісінше, бар күшімізді саламыз. Айтқым келгені, біреу параны алса, оны беретін де адам бар ғой? Кім береді? Біздің азаматтар. Сондықтан бұл бүкілхалықтық іс. Осыны БАҚ-тарда айтуымыз керек. Бермеу керек, сонда алмайды", - деп түйді ойын Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети