05 қазан 2022 11:35

Президент жастарға арналған жеңілдетілген ипотека бюджетін көбейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бюджетін ұлғайтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бюджетін ұлғайтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жастардың барлық санатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру қолға алынуы тиіс. Жас мамандарға баспана алуда қолдау көрсету өте маңызды.

Аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген.

"Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети