Президент Мирзиёевке және Өзбекстан халқына алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Мирзиёевке және Өзбекстан халқына алғыс айтты Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

15 мамырда Қазақстан Президенті Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


15 мамырда Қазақстан Президенті Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар екенін айтты.

"Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту. Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз", - деді Президент.

Мемлекет басшысы осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өтті.

"Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін. Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы", - деді Президент.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітті аралап көрген болатын.

Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген.

Суреттер: Ақорда баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер