26 қараша 2021 14:07

Президент Тоқаев патриарх Кириллді Қазақстанға шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәулен Әшімбаев пен патриарх Кирилл Мәулен Әшімбаев пен патриарх Кирилл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев патриарх Кириллді Қазақстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев патриарх Кириллді Қазақстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы 2022 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII cъезіне шақыру хатын жолдады. Орыс Православ Шіркеуінің басшысына шақыруды Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәскеуге барған жұмыс сапары барысында тапсырды.

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтар Аса Қасиетті патриарх Кириллдің әлемде моральдық, адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге, дінаралық диалогты дамытуға, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесуде алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дайындық барысы да талқыланды.

"Өткен 18 жылдың ішінде алты съезд ұйымдастырылды. Осы аралықта қазақстандық дінаралық форум беделді және белгілі ашық диалог алаңына айналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мәскеу Патриархатына Қазақстан бастамасына тұрақты және белсенді қолдау білдіріп келе жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев алдағы съезге "Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани-әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі" тақырыбы арқау болатынын айтты. Сенат спикері жаңа жағдайда қазіргі заманның сын-қатерлеріне тойтарыс беру үшін бірлесіп әрекет етудің маңызды екенін атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасының дәстүрлі жоғары деңгейіне назар аударды.

"Екі елдің ынтымақтастығын дамытуға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы саяси сабақтастықты жалғастыра отырып, елдеріміз арасындағы өзара байланысты одан ары нығайтуға баса мән беріп келеді. Қазақстан Парламентінің Сенаты өз тарапынан елдеріміздің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етіп, Қазақстан-Ресей қатынастарын ары қарай дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасауда", – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде патриарх Кирилл Қазақстан Президентіне съезге қатысуға шақырғаны үшін алғысын жеткізді.

Кездесу соңында Сенат спикері Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға қатысты бастамалары Орыс Православ шіркеуінің қызметімен үндесетінін тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта да дінаралық диалог пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети