1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Президент Ұлттық жобалар тізбесін бекітті 13 қазан 2021, 17:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазандағы № 67 Жарлығына сай Ұлттық жобалар тізбесін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазандағы № 67 Жарлығына сай Ұлттық жобалар тізбесін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Үкімет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін; Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын; оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелсін; Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін", - делінген қаулыда.

Ұлттық жобалар тізбесінде мына бөлімдер қамтылған:

1. "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы.

2. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.

3. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы.

4. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы.

7. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы.

8. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram