Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Прокуратура Қорғаныс министрлігіндегі тінтулер жайлы ақпаратты жоққа шығарды

10 Желтоқсан 2014, 19:24
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

ҚР Қорғаныс министрлігін тінту және мемлекеттік сатып алулар қызметімен байланысты қаржы құжаттарын тәркілеу жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері 10 желтоқсанда БАҚ-тарда Бас әскери прокуратура тергеушілерінің Қорғаныс министрлігін тінтуі және мемлекеттік сатып алулар қызметімен байланысты қаржы құжаттарын тәркілеу жайлы ақпарат таралғанын айтты. Айта кетейік, оның ішінде Қарулы Күштерді насихаттайтын жарнама роликтері де бар.

"Ақпараттағы мәліметтер шындыққа сай емес. Бас әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінде осы мақсатта қандай да бір тергеу әрекетін жүргізбеді және бұл туралы ресми хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарына таралмады", - деді баспасөз өкілдері.

Бірақ ведомствода КТК телевизиялық арнасынан Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен мемлекеттік және орыс тілдерінде 2014 жылдың 1-30 тамыз аралығында эфирге шыққан хронометраж бен роликтің қанша рет шыққаны жайлы мәліметті сұратқанын айтты. Мұнымен қатар, тамыз айында prime-time мен off-time кезіндегі жарнаманың бір минуты қанша тұратыны жайлы мәлімет сұралған. 

"Телевизиялық арнада айтылған мәлімет Бас әскери прокуратураның Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы қызметін жоспарлы тексеріс аясында "Прокуратура туралы" Заңның 6-бабы тәртібінде оларға келіп түскен талабына негізделгенін айта кету керек. Осылайша, телевизиялық арнаның редакциясы бұл мәселені дұрыс түсіндірмеді, сондықтан ақпараттық кеңістікте шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралды. Осы айтылғандардың негізінде, телевизиялық арнадан қоғамға өздерінің расталмаған ақпарат таратқанын жеткізу талап етілді", - деп мәлімдеді прокуратура өкілдері. 

Осыған дейін БАҚ-тарда бұрынғы басшы Серік Ахметов қамалғаннан кейін Қорғаныс министрлігінде тексеріс басталғаны жайлы ақпарат таралған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай