15 қыркүйек 2023 10:42

Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор соттан Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

14 қыркүйекте Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаев мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады.

"Тергеу шеңберінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес-орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді қоса алғанда, құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару жөнінде шаралар қабылданды", - делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударған еді.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев сотта кінәсін мойындағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети