14 қыркүйек 2023 12:01

Қайрат Боранбаев мемлекетке не қайтарғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты соталды тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты соталды тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды. Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілетіні хабарланды, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру бойынша 14,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Кейінірек Қайрат Боранбаев қанша жылға сотталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, сотта Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетіні айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети