ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар енді карантинде 7 күн жатады

ПТР-анықтамасыз елге оралған қазақстандықтар бұрынғыдай екі күндік емес, енді жеті күндік карантинге жіберіледі. Мұндай өзгерістер елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елге келген Қазақстан азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдардың анықтамасы болмаса, ПТР арқылы COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда жеті күнге дейін оқшауланады.

Коронавирусқа арналған зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19 сынамасының нәтижесі теріс болғандардан тиісті қолхат алынып, аурудың ықтимал белгілері туралы түсіндіріледі", - делінген жаңа қаулыда.

Ал коронавирусқа сынағы оң нәтиже көрсеткен жолаушылар инфекциялық стационарға жатқызылады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!