14 сәуір 2016 19:14

Путин ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unigo.com © unigo.com

Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. РФ президенті бұл мәселені ресейлік арнадағы тікелей желіде көтерді.


Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. РФ президенті бұл мәселені ресейлік арнадағы тікелей желіде көтерді.

"ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізіле ме? Бұл ауқымды сұрақ. Негізінде қызық тақырып. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің экономикасының құрылымы мен экономикалардың даму деңгейі бір кезеңде болғанда мүмкін болатын шығар. Бізге Еуроодақтың қателігін жасауға болмайды, олар бірыңғай валютаны енгізгенде елдердің экономикасының деңгейі бір-бірінен қатты алшақ еді", - деді Владимир Путин Грекиядағы дағдарысты мысалға келтіре отырып.

"Ортақ қазынадан оларға көмек беріліп тұрады, бірақ бұл көмек экономиканың дамуына және оның құрылымы жағымды өзгерістерге әкелуге мүмкіндік беріп отырған жоқ. Біз өзіміздің одақта осы проблемалық мәселелерді есепке алып, кезең-кезеңімен қозғалуымыз керек. Әрине, бұл ерікті түрде болады. Осы мәселеде бізде консенсус болуы керек, себебі бұл біздің қалауымызбен болуы керек: Ресейдің де, ЕАЭО-дағы серіктестеріміздің де", - деп мәлімдеді ресейлік президент.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети