16 желтоқсан 2016 14:46

Путин Назарбаев пен қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заңның қабылдануына 25 жыл толуына орай құттықтады. Бұл туралы Ресей президентінің ресми сайтында жарияланды.


Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заңның қабылдануына 25 жыл толуына орай құттықтады. Бұл туралы Ресей президентінің ресми сайтында жарияланды.

Құттықтау телеграммасында Ресей басшысы Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады. Ол экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешудегі жетістіктер мен елдің әлемдік аренадағы жоғары абыройын атап өтті. Путиннің айтуынша, мұны Қазақстанның БҰҚ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып таңдалуы айғақтайды.

Ресей президенті Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа да құрылымдық көпжақты әріптестік аясындағы ресейлік-қазақстандық байланыс пен координациялық күш салуының белсенді дамып жатқанын атап өтті.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның ағайынды халықтарының игілігі мақсатында Орталық Азия мен еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін стратегиялық серіктестік пен одақтық қарым-қатынастардың ары қарай нығая түсетініне сенім білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети