Қазақстан президенттігіне ұсынылған жаңа есімдер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенттігіне ұсынылған жаңа есімдер белгілі болды ©aveactur.es

Қазақстан президенті болуға ниет білдіргендердің қатары 21 адамға жетті. Жаңа есімдердің арасында Мұрат Телібеков, Айгүл Өтепова және басқалар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті болуға ниет білдіргендердің қатары 21 адамға жетті. Жаңа есімдердің арасында Мұрат Телібеков, Айгүл Өтепова және басқалар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

"Бізде қазіргі уақыт бойынша 21 ниет білдіруші ұсынылды. Бүгін тағы ұсынылушылар болады. Ұсынылушылардың біреуі - "Нұр Отан" партиясының атынан үміткер, біреуі - ҚКХП атынан, қалғаны - өзін-өзі ұсынушылар. Кандидаттардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі және олар емтихан тапсырады, 8 кандидат тіркеуге алынбады: екеуі - тиісті жасқа жетпегендіктен, алтауы лингвистика комиссиясы емтиханын тапсыра алмады. 4 адам емтиханнан өтті, талаптарға сәйкестігі тексерілді, оларға қол қою парақтары берілді", - деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос. 

Ол 12 наурыз күні уақытша жұмыссыз Мұрат Телібеков, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, "Экологиялық тұрақтылық" бірлестігінің төрағасы Серік Мұқаш, зейнеткер Амантай Асылбек өтініш бергенін айтты. Бұған қоса, Фоостың айтуынша, өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева енді жалғыз әйел емес, тағы бір әйел адам - Айгүл Өтепова өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініш берді. 

Үкіметтің резервінен биылғы сайлау науқанына 5 миллиард 414 миллион 211 мың теңге бөлінді. Кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні болады. Сайлауға қатысқандардың арасында лингвистика комиссиясы емтиханынан әзірше Қанат Тұрагелдиев, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева және кандидаттыққа ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов өтті. Сайлауға үміткерлерді ұсыну 15 наурызда аяқталады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети