Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды: Олар туыстарының қолына беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды: Олар туыстарының қолына беріледі © "Астана" телеарнасының сюжетінен

Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевпен өткен баспасөз маслихатында белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанға жеткізілген бұл балалардың аналары террористік әрекеті үшін Иракта түрмеде отыр. Ал психологиялық көмекке мұқтаж балалар қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығында. Құжаттары әзірленіп, қажетті ем-домын қабылдаған соң, туыстарына табысталмақ.

"Біздің ресми деректерімізге сәйкес, Иракта қазақстандық балалар жоқ. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Егер дәйектелген, қазақстандық балалар болса, олардың елге қайтуы бойынша жұмыстар жасалады", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Елге қайтарылған 14 баланың ең үлкені 13-жаста, кішісі 2-де. 

Еске салайық, мұның алдында Ирактағы балалардың елге қайтарылатыны хабарланған еді. "Ирак тарапы балаларды қайтаруға келісім беріп отыр. Біз жақын күндері оларды Қазақстанға алып келеміз. Енді бүлдіршіндерді ата-анасының қателігі үшін далада тастай алмаймыз ғой", - деген еді ҚР СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер