"Қазпошта" Қазақстан халқы ассамблеясына арнап марка шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" Қазақстан халқы ассамблеясына арнап марка шығарды © "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

"Қазпошта" Қазақстан халқы ассамблеясына арнап марка шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Естелік және мерейтойлық күндер" сериясы бойынша шығарылған марканың номиналы - 200 теңге.&nbspМарка 4 бояудағы офсетті тәсілмен жасалған.

"Блок өлшемі 104х72 миллиметр, ал марка өлшемі 52х36 миллиметрге тең, тираж 5 мың данадан тұрады. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған марканың дизайнын суретші Сергей Маршев әзірледі", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қазақстан халық ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында алғаш рет айтқан болатын. Ал 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде мәртебесін айқындайтын Қазақстан халық ассамблеясын құру туралы жарлық шықты. Кейін Қазақстан халық ассамблеясы берік құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық орган болып өзгерді.

Еске сала кетейік, бұған дейін&nbspҚазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошта маркасының шыққаны хабарланған болатын.&nbspМарка "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясымен,&nbsp5100 данамен шықты, номиналы - 100 теңге.

&nbsp
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +25
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +20
Т
Талдықорған +23
Тараз +23
Түркістан +20
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер